11 қараша күні Әл-Фараби атындағы мамандандырылған гимназияда ,,Оқыту үрдісіндегі саралап оқытудың нәтижесі” тақырыбындағы шебер класс өтті. Мақсаты: жас мамандарға оқыту үрдісіндегі саралап оқытудың тиімділігі туралы ақпараттандыру, педагогикалық қолдау көрсету. Шебер класты педагог-зерттеуші З. С. Байдуллина өткізді. Шебер класс барысында оқытудың тиімді тәсілдері туралы және педагог-зерттеуші Аниева А.М олимпиада тапсырмаларының жетістікке жетудегі жолы туралы айтты. Шебер класқа қалалық білім бөлімінің әдіскері А. С. Медеуова және қала мұғалімдері қатысты.





