7 қазан күні жалпы білім беретін мектептердегі шығармашылықпен жұмыс жасайтын бастауыш класс мұғалімдерін анықтау мақсатында өткен “Үздік бастауыш класс мұғалімі-2022” байқауының қалалық кезеңінде Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның бастауыш класс мұғалімі Байғазина Дария Сатқарбекқызы жүлделі І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Дария Сатқарбекқызын құттықтай отырып, шығармашылық табыстар мен облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!




