Жазғы мектеп жұмыс жоспарына сәйкес 31- мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 8ә, 8б сынып оқушыларына класс жетекшілері және тарих пәні мұғалімдері Дугаев Н.М, Сарсенбаева С.Ж. жетекшілігімен Тұрғындар қалашығындағы аштық және қуғын-сүргін құрбандарына, Азаттықтың ақ таңы ескерткіштеріне экскурсиялық танымдық сабақ өткізілді. Оқушыларға 1930 жылдары болған зұлмат оқиғалары туралы ақпарат берілді. Сонымен бірге Чернобыль апатын жоюға қатысқандар құрметіне қойылған ескерткішке де барып, оқушыларға Чернобыль апаты мен оның зардабы жөнінде кең көлемде түсінік берілді.
