Мектебімізде балалардың құқықтарын қорғау және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі омбудсмені болып өзін-өзі басқару ұйымының президенті, 11-сынып білім алушысы Турышова Айдана Нұрбекқызы тағайындалды.

Балалар омбудсмендері – бала мен мемлекет арасындағы сенімді дәнекер болып табылады. Олар өз замандастарының құқықтарын қорғауға бағытталған өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, әлеуметтік бастамаларды қолдап, балалардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын насихаттайды.

Жас омбудсмендер бала мүддесін ескеретін мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге де атсалысады. Балалардың ортасындағы өзекті жоғары адамгершілік-рухани және құқықтық мәдениетті, патриоттық сезімді, азаматтық жетілуді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырады. Турышова Айдана өз замандастарының құқықтарын қорғау мен әділдік қағидаттарын ұстануда жауапкершілікпен қызмет атқарады деп сенім білдіреміз.