Ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен сабырды, білім мен ізденісті талап ететін мәртебелі мамандық. Ал сол жауапкершілікті бір күн болса да сезіну – оқушы үшін үлкен тәжірибе.

Гимназиямызда Дублер күні ұйымдастырылып, білім алушылар ұстаздар мен мектеп әкімшілігінің рөлін атқарып, өз қабілеттерін сынап көрді.

🌟 Тұрышова Айдана – өзін-өзі басқару ұйымының президенті, директор міндетін атқарып, мектеп өміріне қатысты жұмыстарға белсене араласты.

🌟 Рүстемқызы Іңкәр – «Алтын белгіге» үміткер, білімді әрі белсенді оқушы, мектеп директоры қызметін атқарды.

Бұл күн – оқушылар үшін тек қызықты тәжірибе ғана емес, көшбасшылық қасиетті қалыптастырып, жауапкершілікті сезінуге, өз ойын еркін жеткізуге және ұйымдастырушылық қабілетін дамытуға мүмкіндік берген ерекше күн.

Дублерлерімізге белсенділігі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдіреміз! 💐

Бүгінгі оқушы – ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат!