1 қазан – Халықаралық қарттар күні.

Қария – өткеннің өнегесі, бүгіннің берекесі, келешектің бағыт-бағдары. Ұрпаққа ақылын айтып, өмірлік тәжірибесімен жол көрсеткен үлкендерді құрметтеу – әрқайсымыздың парызымыз.

Қарттарымыздың әрбір сөзі – тағылым, әрбір ақ батасы – ұрпаққа аманат.

Осы айтулы күнге орай гимназиямызда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қарттардың еңбегін бағалау мақсатында ізгілікке толы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ардақты ақсақалдарымыз бен аяулы әжелерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!

Қариясы бар үй – қазынасы бар үй. ❤️