



Әр балаға жеке көзқарас: ата-ананың тәрбиедегі рөлі. Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда «Әр балаға жеке көзқарас: ата-ананың тәрбиедегі рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың басты мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайтып, білім алушылардың сапалы білім алуына, тұлғалық дамуына және қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне бірлесе жағдай жасау.
Кездесу барысында мектептің білім беру бағытындағы жұмыстары, тәрбие жүйесі, оқушылардың қауіпсіздігі, мектептегі ішкі тәртіп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер талқыланды.
Бала тәрбиесі – мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі.
Балаға берілетін сапалы білім мен саналы тәрбие ең алдымен бірлескен әрекеттен басталады.
