Білім ордасының табалдырығын биыл ғана аттап, кішкентай жүректері үміт пен қуанышқа толы 1-сынып оқушылары гимназия кітапханасының қонағы болды. Бүлдіршіндер бұл күні сиқырлы кітап әлемімен танысып, балалар әдебиетінің сан алуан үлгілерін қызығушылықпен тамашалады. 📖❤️

Кітапхана табалдырығын алғаш рет аттаған оқушыларға бұл шара ерекше әсер сыйлап, кітапқа деген махаббат пен оқуға деген құштарлықтың негізін қалады десек артық етпейді. Балалардың көздеріндегі қызығушылық пен танымдық құмарлық – біздің басты жетістігіміз!

Кітап оқыған ұлттың болашағы жарқын болмақ! Балаларымыздың кітаппен достығы мәңгілік болсын!