Президент Жарлығымен елімізде бастау алған ауқымды «Кітап оқитын ұлт» жобасы біздің гимназияда да өз жалғасын табуда. Жобаның басты мақсаты – өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыру.

Бұл бастаманы қолдау мақсатында Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның білім алушылары өздері оқып, ерекше әсер алған сүйікті кітаптарын өзге сыныптастарына оқуға ұсынып, ой бөлісуде.