




Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиямызда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелеріне арналған жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиын барысында өзекті әрі маңызды тақырыптар қозғалды:
🔹 Балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру;
🔹 Жасөспірімдердің психологиялық жағдайын назарда ұстау;
🔹 Суицидтік мінез-құлық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу;
🔹 Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі.
Бала өмірі мен амандығы — бәрінен қымбат! Мектеп пен отбасының бірлескен әрекеті ғана балаларымызға қауіпсіз әрі жарқын болашақ сыйлайды.
