Кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыруды мақсат еткен «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны аясында гимназия білім алушылары арасында «Кітап әлемі – балалар көзімен» тақырыбында шығармашылық сурет байқауы ұйымдастырылды.

Балалар өздерінің қиялындағы ғажайып кітап әлемін қылқалам арқылы қағаз бетіне түсіріп, кітаптан алған әсерлерін, сүйікті кейіпкерлерін және ертегіге толы арман әлемін түрлі түсті бояулармен бейнеледі.

Әрбір суреттен баланың шығармашылық ойлауы, қиялы мен кітапқа деген қызығушылығы көрініс тапты.

📖 Кітап оқыған бала – ойы терең, қиялы ұшқыр, болашағы жарқын тұлға!