
Байқау барысында білім алушылар өздері оқыған ең сүйікті шығармаларымен бөлісіп қана қоймай, ұнаған кейіпкерлерінің іс-әрекетіне терең талдау жасап, өз әсерлерін қағазға түсірді.
💡 Байқаудың басты мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау;
Кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту;
Өз ойын еркін, әрі көркем жеткізуге дағдыландыру.
Жас қаламгерлеріміздің еңбектерінен олардың кітап әлеміне деген ерекше көзқарасы мен терең ойларын байқадық.Оқырмандарымыздың қатары көбейе берсін! 📖
