
Ақтөбе облысы бойынша 10–11 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа шындықтағы Қазақстан: жастар өзгерістер дәуірінде» тақырыбында қашықтықтан конференция өтті.
💻 Іс-шара Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Адал азамат» тұжырымдамасы, азаматтық жауапкершілік, ел дамуына әр азаматтың қосар үлесі және қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі туралы түрлі сұрақтар қойылды.
✨ Қызықты тренингтер ұйымдастырылып, оқушылармен еркін пікір алмасу және кері байланыс орнатылды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ел болашағына қатысты көзқарастарын білдірді.
🇰🇿 Білімді, адал, жауапты және белсенді жас – ел дамуының маңызды тірегі!
