





Гимназиямызда қыз баланың мәдениеті, әдептілігі, салауатты өмір салты мен өзін-өзі бағалауы бағытында «Нәзіктік пен парасат» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
Жиын барысында қыз бала тәрбиесі, жеке бас гигиенасы, денсаулықты сақтау, өзіне деген жауапкершілік және қыздардың қоғамдағы орны туралы маңызды әңгімелер қозғалды. 💐
Кездесуге мектеп медбикесі Шаукиманова А.Д., сондай-ақ «Әдемі-ау» қыздар ұйымының жетекшілері Коленкина Г. және Ермекова Г. қатысып, қыздарға пайдалы кеңестер мен бағыт-бағдар берді.
✨ Нәзіктік – көркің,
Парасат – өрнегің,
Әдеп – адамдықтың белгісі.
Қыздарымыздың бойында сұлулықпен қатар сана, білім, мәдениет пен жауапкершілік қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. 🌷
