ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде қолға алынған “Кітап оқитын ұлт” республикалық марафоны өз жалғасын табуда. Осы маңызды жоба аясында Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның білім алушылары мен олардың ата-аналары “Отбасымызбен кітап оқимыз!” атты кітап оқу марафонына белсене қатысты.

Шараның басты мақсаты: Әрбір отбасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру және рухани құндылықтарды насихаттау.

Кітап – білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы. Ортақ кітап оқу сәттері отбасылық татулықты нығайтып, жас ұрпақтың саналы азамат болып өсуіне ерекше үлес қосады.

Бұл бағыттағы игі шаралар мен танымдық жобалар өз жалғасын таба бермек!