Arrow
Arrow
Slider

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай тыл ардагері Құрманалин Жоламан Жандосымұлымен кездесу кеші өтті. Ерен еңбегімен елге танылған ардагер өзінің еңбек жолын, соғыстың қасіретін айтып өтті. Бала күнінде еңбекке ерте араласқан ол жас ұрпақты ерінбей еңбек етуге, мамандықты дұрыс таңдауға, бейбітшіліктің қадірін білуге шақырып, ақ батасын берді.