




Сайыстың негізгі мақсаты – білім алушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен алған білімдерін шыңдау, ой ұшқырлығы мен тапқырлығын дамыту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу және салт-дәстүрімізді дәріптей отырып, жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыру.
✨ Сайыс «Тіл – ұлттың жаны, салт – халықтың сәні» тақырыбында ұйымдастырылып, 10 «А», 10 «Ә», 10 «Б», 10 «В» сыныптарының командалары бақ сынады.
🐎 І кезең – «Шабандоздар сынақта»
Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты сұрақтар қойылып, оқушылар өз білімдерін ортаға салды.
🎯 ІІ кезең – «Тұлғаны тап»
Қазақтың белгілі тұлғаларына берілген белгілер арқылы тұлғаны анықтап, тарихи-әдеби білімдерін көрсетті.
🌿 ІІІ кезең – «Салт-дәстүр сөйлейді»
Білім алушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері ұсынылып, олардың мағынасын, орындалу жолын және тәрбиелік мәнін түсіндірді.
🔥 Әр кезеңде оқушылар өздерінің білімін, шапшаңдығын, тапқырлығын және командалық бірлігін көрсете білді.
👏 Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
