Гимназиямызда білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың, алаяқтықтың алдын алу мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Ақтөбе қаласы Астана ауданы №2 ҚПБ ЖПҚБ бастығы, полиция подполковнигі Измаилов Линур Урстемович және ПБ Астана ауданы №1 ҚПБ ҚҚБ УПИ, полиция капитаны Жеңісов Әділет Жеңісұлы қатысты.

Кездесу барысында білім алушыларға құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі және қауіпсіздік талаптары туралы маңызды ақпарат берілді.

Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың бастауы.
Тәртіпке бағыну – қауіпсіз қоғамның негізі! ⚖️

#ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықтықСауаттылық #ҚауіпсізМектеп #Тәртіп #Ақтөбе