







👥 Оған №11, №21, №28 және №71 мектептердің 8-сынып оқушылары қатысты.
💬 Шара барысында орталық директорының орынбасары Лаура Бердібекова орталықтың қызметі, сондай-ақ дене бейнесі мен өзін-өзі бағалауға әсер ететін факторлар туралы ақпарат берді.
🧠 Орталық психологі Айдана Алданова өзін өзгелермен салыстырудың эмоционалдық жағдайға әсерін талқылады.
🤝 Орталық психологі Жұлдыз Ибашева «Айнадағы сыншы мен ішкі дос» тренингін өткізіп, оқушыларға өзіне сын көзбен емес, түсіністікпен және қамқорлықпен қарау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүргізді.
✨ Оқушылар тренингке белсенді қатысып, ойларын ортаға салды. Әр адамның сыртқы келбеті ерекше екенін және адамның құндылығы тек сыртқы бейнесімен өлшенбейтінін түсінді.
📱Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сыни көзқараспен қарау және өзіне деген жағымды қарым-қатынасты қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
📌 Іс-шара соңында қатысушылар өзін-өзі қабылдау, өзіне қолдау көрсету және өзгелермен салыстыруды азайту жолдары туралы пайдалы ақпарат алды. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылды.
@oqu_agartu_ministrligi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@orken_instituty
@zakiyevadinara
@kopd_mp_rk
#ӘлеуметтікПедагогикалықБағыт
#БіртұтасТәрбие
#ПсихологиялықҚолдауОрталығы
#БілімБасқармасы
#БілімБөлімі
