Хабарлама
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережесіне сәйкес «Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия» КММ 2026-2027 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды. Қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы Ағ.Жұбановтар көшесі 273 «Б» мекен жайы бойынша жүргізіледі.
Электронды мекен жай:
Қамқоршылық кеңес-заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган. Қамқоршылық кеңесіне үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Өтінім (еркін түрде)
2. Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
3. Қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме
4. Білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса)
5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
