Бүгін «Жаңа Конституцияның стратегиялық бағдары – білім, құндылық, адами капитал» білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясында Әл-Фараби атындағы № 21 мамандандырылған гимназия – Ақтөбе облысы әкімдігінің «ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҮЗДІК ҰЙЫМ» грантымен, 11 миллион теңге сыйақы сертификатымен марапатталды. Гимназиямыздың «Үздік мектеп» атанып, жоғары марапатқа ие болуы – біз үшін зор мәртебе, ұстаз еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет, ұжымымызға артылған биік сенім. Бұл – күн сайын шәкірт жүрегіне жол тауып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен әр педагогтің маңдай тері мен қажырлы еңбегінің жемісі. Жеңісіміздің артында ізденген ұстаз, талпынған шәкірт, қолдаған ата-ана және бір мақсатқа жұмылған тұтас гиназия ұжымының еңбегі тұр. Осы қуанышты сәтте Облыс әкімі Асхат Берлешұлына білім мен тәрбие саласына айрықша мән беріп, мектептерге жан-жақты қолдау көрсетіп, ұстаз еңбегін ел дамуының маңызды тетігі ретінде бағалап отырғаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Білімге жасалған әрбір қолдау – елдің ертеңіне жасалған инвестиция. Ал осындай сенім мен қамқорлық педагогке қанат бітіріп, мектепке жаңа мүмкіндіктерге ұмтылуға күш береді. Ақтөбе облысының білім басқармасына – білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі қолдауы, кәсіби бастамаларымызға жол ашып, педагогикалық ізденістерімізді бағалап, әр мектептің дамуына мүмкіндік жасап отырғаны үшін зор ризашылығымызды білдіреміз. Сондай-ақ қалалық білім бөліміне мектептің күнделікті тыныс-тіршілігіне қолдау көрсетіп, ұстаз бен оқушы жетістігін назардан тыс қалдырмай, әр бастамамызға бағыт-бағдар бергені үшін алғыс айтамыз. Бүгінгі марапатты біз межеге жеткен нүкте емес, жаңа биіктерге бастайтын аманат деп қабылдаймыз. «Үздік мектеп» атағы бізге одан әрі ізденуге, жаңаруға, шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, елін сүйетін, ойы сергек, жауапкершілігі жоғары, отаншыл азамат тәрбиелеуге міндет жүктейді.