






«Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттау, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жас ұрпақ бойында тәртіпке, жауапкершілікке деген құрметті қалыптастыру мақсатында 1–4 сынып оқушылары арасында сурет салу жұмыстары ұйымдастырылды.
Шара барысында бастауыш сынып оқушылары өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, заңға құрмет, тәртіптілік, қауіпсіздік, достық, әділдік және жауапкершілік тақырыптарында сурет салды.
#Қауіпсіздік #ЗаңЖәнеТәртіп #БалаларҚауіпсіздігі
