Іс-шараға облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың маманы Ділманова Бағдагүл Әбутәліқызы және №1 қалалық емхананың СӨСҚ маманы Жанторина Лениана Кабижановна қатысты.

Лекция барысында мамандар туберкулез ауруының таралу жолдары, негізгі белгілері, қауіп факторлары, ерте анықтау және алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ уақытылы медициналық тексеруден өтудің, профилактикалық тексерулер мен скринингтердің маңыздылығы түсіндірілді.

Онкологиялық аурулардың алдын алу бағытында қауіп факторлары, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы жөнінде пайдалы мәліметтер ұсынылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – педагог қызметкерлердің денсаулыққа жауапкершілігін арттыру, аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру және профилактикалық шаралардың маңыздылығын түсіндіру. Aofpc_aktobee