Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Домбыра – халқымыздың тарихын, қуанышы мен мұңын, ерлігі мен елдігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан киелі мұра. Қос ішектен төгілген күй – қазақтың жан дүниесі, рухының үні.

Ұлттық құндылықтарымыз әрдайым төрімізде тұрып, күй өнері мәңгі жасай берсін! Әр шаңырақтан домбыраның күмбірі үзілмей, жас ұрпақ ата-баба мұрасын қастерлеп өссін!