



Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда 11-сынып түлектеріне аттестат табыстау салтанатты рәсімі өтті.
Шара барысында 11-сынып білім алушыларына жалпы орта білім туралы аттестаттар табысталып, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның құттықтау хаты ұсынылды.
Бұл күн – мектеп қабырғасымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан түлектер үшін ерекше әрі ұмытылмас сәт болды.
✨ Құрметті түлектер!Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын! Ел игілігі үшін қызмет ететін білімді де білікті азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз.
