Бүгін Ақтөбе қаласындағы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда мектеп түлектеріне аттестат тапсыруға арналған салтанатты шара өтті. Бұл күн кешегі мектеп оқушылары, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін ерекше әрі есте қаларлық сәтке айналды.
Гимназияның ерекше мақтанышы – «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері атанған 7 түлек. Бұл жоғары марапат – оқушылардың көп жылғы қажырлы еңбегінің, білімге деген құштарлығы мен мақсаткерлігінің нәтижесі.
Салтанатты жиын барысында түлектерге жалпы орта білім туралы аттестаттар табысталып, ұстаздар мен ата-аналардың жылы лебіздері мен ақжарма тілектері айтылды.
Бүгінде Ақтөбе облысының барлық білім беру ұйымдарында аттестаттарды тапсыру рәсімдері өтуде. Бұл шара мыңдаған жас түлектің өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын айқындап, алдағы жетістіктерге жол ашады.