Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда өткен аттестат тапсыру салтанатына қатысып, мектеп бітіруші түлектерді маңызды мерекемен құттықтады.

Салтанатты шара барысында түлектерге жалпы орта білім туралы аттестаттар табысталып, олардың мектеп қабырғасындағы жылдар бойы жинаған білімдері мен жетістіктері ерекше атап өтілді. Меткүл Қосымбаева жас түлектерге жүрекжарды тілегін жеткізіп, алдағы өмір жолында білім мен еңбекті серік етіп, таңдаған мамандықтарының білікті иесі атануларына сенім білдірді.

«Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Мектептегі балалық шақтың бір белесі аяқталып, үлкен өмірге қадам басып отырсыздар. Алдағы уақытта да биік мақсаттарға ұмтылып, ел дамуына өз үлестеріңізді қосатын азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспін», – деді бөлім басшысы.

Мерекелік кеш әсерлі әндермен және түлектердің жүрек толқытар естеліктерімен жалғасты.
Мектеп бітіруші жас түлектерге ақ жол, жарқын болашақ, толағай табыс пен биік белестер тілейміз!