Іс-шараға «Ақтөбе қалалық білім бөлімі» ММ басшысы Қосымбаева Меткүл Ораққызы, гимназия директоры Унгарбаев Амангелді Ибрагимович, мектеп әкімшілігі, педагогтер, ата-аналар және түлектер қатысты.

2025–2026 оқу жылында 11-сыныпты 108 білім алушы тәмамдады. Оның ішінде 7 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 8 түлек үздік аттестатқа ие болды.

9-сыныпты 138 білім алушы аяқтап, оның 24 білім алушысы негізгі орта білім туралы үздік аттестат иегері атанды.

Биылғы салтанатты рәсім Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы және Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл толуымен тұспа-тұс келіп, іс-шараға ерекше тарихи мән берді.

2025–2026 оқу жылы барысында гимназия білім алушылары қалалық, облыстық және республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жеңімпаз және жүлдегер атанды. Сонымен қатар, гимназия педагогтері облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі кәсіби байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Салтанатты жиын барысында түлектердің шығармашылық өнерлері ұсынылып, жас буынға ақ жол тілектер мен ізгі лебіздер айтылды.