Бүгін лагерімізде әсемдік пен өнерді, тапқырлық пен талантты ұштастырған ерекше «Мисс лагерь» байқауы өтті. Байқау барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, сахна мәдениетін және жан-жақты өнерлерін көрсетті.
🌟 «Жұлдыздар» тобының намысын қорғаған аруларымыз: 💐 Изимова Инабат 💐 Алиева Адема
Қатысушыларымыз әр кезеңде өздерінің сұлулығын ғана емес, зеректігі мен өнерін де танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сахнада еркін өнер көрсетіп, жарқын бейнелерімен ерекше әсер қалдырды.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша аруларымыз жүлделі III орынға ие болды!
Бұл жетістік – табандылықтың, қажырлы дайындықтың және өз күшіне деген сенімнің нәтижесі. Әрбір қадамдарыңыз сәтті болып, армандарыңыз асқақтай берсін!
💖 Біз сіздермен мақтанамыз! Жұлдыздай жарқырап, әрдайым биіктерден көріне беріңдер!
Тәрбиешілері: Келдібаева А.Т. Жилибаева С.К.