



2025–2026 оқу жылында білім, ғылым, өнер және спорт салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген дарынды оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер гимназиямыздың абыройын асқақтатып, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, өз дарыныңыз бен еңбегіңіздің жемісін дәлелдедіңіздер.
Бұл жетістіктер – табанды еңбек, ұстаздардың кәсіби қолдауы және ата-аналардың сенімі мен қамқорлығының нәтижесі.
✨ «Жас дарын – ел тірегі» шарасы аясында жыл қорытындысын шығара отырып, барша дарынды шәкірттерімізге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, еліміздің мақтанышына айналуларыңызға тілектеспіз!
Жетістіктеріңіз көп болсын!
🌟 Жұлдыздарыңыз әрдайым жарқырай берсін!
#ЖасДарынЕлТірегі #ДарындыларШеруі
