Arrow
Arrow
Slider

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда қала, облыс, республика көлемінде гимназия мәртебесін асқақтатып жүрген дарынды білім алушыларды марапаттау салтанатты жиыны өтті.
??Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды.
18-21 сәуір күндері болатын Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға жолдама алған шәкірттеріміз Есенқұлова Айзере, Қарабаева Дильназ, Абдирахимова Дильназ, Баймұрат Арманға сәттілік тілейміз!
??9-11 класс оқушылары арасында баскетболдан “Алтын доп” мектеп лигасының қалалық, облыстық кезеңінің жеңімпаздары, Қазақстан Республикасының “Алтын доп” ұлттық мектеп лигасының IV орын иегерлері гимназия баскетбол құрама командасы марапатталды.
Шәкірттерді осынау айтулы додаларда оза шауып, қанжығасына жүлделі орын байлап, алдыңғы қатардан көріне білуге баулыған ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!