




Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Кемеңгер» оқырмандар клубының «Кітаппен өткен бір жыл» атты қорытынды кеші өтті.
Кеш барысында оқушылар бір жыл бойы оқыған кітаптарымен бөлісіп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Клуб жұмысына белсене қатысып, кітап оқуға деген қызығушылығын танытқан оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
Мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және оқырман мәдениетін қалыптастыру.
Кітап – білімнің кілті, рухани қазынаның қайнар көзі!
