Жиналыс барысында соңғы қоңырау мен қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, педагогикалық әдептілік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бекітілген талаптармен таныстырды.
Атап айтқанда:
🔹 мұғалімдерге сыйлық беру мен қаржы жинауға тыйым салынатыны;
🔹 аниматорлар, мерекелік агенттіктер шақыруға болмайтыны;
🔹 мейрамхана, дәмхана, ойын-сауық орталықтарына баруға және автокөлік шеруін ұйымдастыруға рұқсат етілмейтіні;
🔹 мектеп ішінде және мектептен тыс дастархан ұйымдастыруға жол берілмейтіні;
🔹 қорытынды аттестаттау кезінде мектеп формасын сақтау мен тәртіпке ерекше мән берілетіні түсіндірілді.

Сонымен қатар ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, заң мен тәртіп қағидаларын сақтау қажеттігі ескертілді.

Мектеп әкімшілігі білім алушылардың сапалы білім алып, саналы тәрбие алуына бірлесе атсалысуға шақырды.