



Әл-Фараби атындағы №21 мектеп-гимназиясында
2026 жылдың 13 мамырындағы №7 қаулыға сәйкес 14–17 жас аралығындағы қыз балаларға арналған АПВ (адам папиллома вирусы) вакцинациясы бойынша түсіндіру жұмыстары мен лекция жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға АПВ вирусының алдын алу, вакцинацияның маңыздылығы, денсаулықты қорғаудағы рөлі туралы толық ақпарат берілді.
Мамандар вакцина қауіпсіздігі, оның тиімділігі және жатыр мойны обырының алдын алудағы маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Уақытылы екпе алу — қауіпті аурулардың алдын алудың тиімді жолы. 💙💉
