
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда «Ана жүрегі – мейірім мекені» атты поэтикалық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ананың қоғамдағы ерекше орнын дәріптеу, оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын насихаттау.
Поэтикалық сағат барысында оқушылар аналарға арналған жүрекжарды өлеңдер оқып, әндер орындап, ана мейірімін жырға қосты. Әсерлі кеш қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, отбасы құндылықтарының маңызын терең сезінуге мүмкіндік берді.
✨ Ана – өмірдің шуағы, мейірімнің мәңгілік мекені!
