Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда оқушылар арасында «Мен елімнің патриотымын» атты әскери-патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті дарыту, елге деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру, әскери әндер арқылы тарихи сананы нығайту.

Іс-шара барысында қатысушылар патриоттық әндерді орындап, Отанға деген сүйіспеншіліктерін өнер арқылы жеткізді. Әрбір өнер көрсету көрерменге ерекше әсер сыйлап, ел бірлігі мен бейбіт өмірдің маңызын насихаттады.

Байқау соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, шығармашылық қабілеттері жоғары бағаланды.

✨ Патриоттық рух – ел болашағының берік негізі!