
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда оқушылар арасында «Елдікті сақтап қалған қазақ батырлары» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа қазақ батырларының ерлігі мен ел қорғаудағы тарихи рөлін таныту, ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеу.
Эссе барысында оқушылар Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлардың ерлік жолын кеңінен баяндап, олардың ел тәуелсіздігін сақтаудағы жанқиярлық еңбегіне тоқталды. Әрбір жұмыстан оқушылардың тарихқа деген қызығушылығы мен елге деген сүйіспеншілігі айқын көрінді.
Байқау қорытындысында үздік жұмыстар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.
✨ Батырлар ерлігі – ұрпаққа мәңгілік өнеге!
