Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушыларға Отан қорғаудың маңызын түсіндіру, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтап жүрген азаматтардың ерлігін дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елін сүюге тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушылар батырлар мен әскери қызметкерлер туралы мәліметтермен танысып, патриоттық өлеңдер оқып, әндер орындады. Сонымен қатар, бейнематериалдар көрсетіліп, ел қорғаған ерлерге құрмет көрсетілді.

Осындай тағылымы мол тәрбие сағаттары арқылы жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметі артып, Отан алдындағы парыз бен жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік алды.

✨ Елін сүйген ерлердің рухы биік, тәуелсіз еліміздің айбыны асқақ болсын!