Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясында оқушылар арасында «Батырдың ұрпағымын» челленджі ұйымдастырылды.

Челлендждің мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру, батыр бабалардың ерлігін ұлықтау және ел тарихына деген құрметті арттыру.

Іс-шара барысында оқушылар батырлар туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындап, өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін бейнероликтер мен шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетті. Қатысушылар батырлардың ерлік жолын насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге белсенді атсалысты.

Челлендж оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, елжандылық пен бірлік құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.

✨ Батырлар рухы – ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталады!