Осыған орай кітапхананың оқу залында 6 «Ә», сынып білім алушылары арасында «Рухани құндылықтар – жастардың тұлға ретінде қалыптасуының негізі» атты әңгіме-сұхбат өткізілді.

Сұхбат барысында рухани құндылықтардың мәні мен маңызы кеңінен талқыланып, оқушыларға ұлттық құндылықтарды құрметтеу, жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау жөнінде ой-пікірлер айтылды.

Кездесу барысында «Рухани бай болу деген не?», «Рухани азықты қайдан аламыз?», «Мен немен баймын?» деген сұрақтар төңірегінде мазмұнды пікір алмасу өтті.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен ізгі қасиеттерді сіңіріп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра түседі. 📚✨
#қроқуағартуминистрлігі #БалаларКітапханасы#ақтөбекітапкүні2026
#КітапханаОнкүндігі #БалаларБасылымдары #Балдырған #ОқуғаҚұштарлық