




Кештің басты мақсаты – жас ұрпаққа ұстаз мамандығының қадір-қасиетін таныту, педагогикалық еңбектің маңыздылығын дәріптеу және ардагер ұстаздың өнегелі өмір жолын үлгі ету болды.
Кеш қонағы – саналы ғұмырын білім саласына арнап, көптеген шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз Тышқанбаева Айсұлу Максимовна болды. Ұстаздың көп жылғы тәжірибесі, кәсіби жетістіктері мен шәкірттеріне деген сүйіспеншілігі оқушыларға үлкен әсер қалдырды.
Кездесу барысында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұстаздық жолдың қыр-сырымен танысты. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген шәкірттерінің жетістіктері арқылы ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызы айқын көрсетілді.
Кеш барысында білім алушылар мен ұстаздар арасында ерекше рухани байланыс орнап, ұстазға деген құрмет пен алғыс сезімі айқын көрініс тапты. Ән айтылып, жылы лебіздер білдіріліп, әсерлі сәттерге толы болды.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың дұрыс мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріп, ұстаз еңбегінің ұлылығын терең түсінуге септігін тигізері сөзсіз.
