Бүгін 23 сәуірде гимназиямызда 7 мамыр Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күніне және ҰОС Жеңістің 81 жылдығына арналған
«Батырлар жолы — бүгінгі жастарға өнеге» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді. Ерлік сабағы Ақтөбе облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары майор Аскаров Ернұр Ерхатұлы және Қарулы күштер ардагерлерінің қатысуымен өтті.
Сабақ барысында қонақтар оқушыларды өздерінің өмір жолымен таныстырып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, үлкен әсермен тарасты.

Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!

#БатырларЖолы #ОтанҚорғаушыларКүні #Жеңіс81 #ПатриоттықТәрбие #Қазақстан #Жастар #ерліксабағы