Ақтөбе қаласында өткен «BILIM QAZINA» КММ ұйымдастыруымен «Үздік қазақ тілі мұғалімі» облыстық байқауының қалалық кезеңінде гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Коленкина Гүлдана Қайыржанқызы
🏆 І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
Байқаудың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи, тиімді әдіс-тәсілдерді насихаттау, шығармашылық арқылы ұлттық сана мен кәсіби құзыреттілікті арттыру.
Гүлдана Қайыржанқызы байқау барысында өзінің кәсіби шеберлігі мен жаңашыл тәжірибесін жоғары деңгейде көрсетіп, « Ұстаз келбеті» мен «Ұстаз қолтаңбасы» бағыттары бойынша үздік өнер көрсете білді.
🏆🥇 Бұл жетістік – табандылық пен еңбектің, білім мен біліктіліктің айқын дәлелі!
Әріптесімізге шығармашылық табыс, жаңа белестер мен толағай жеңістер тілейміз!💐💐💐