



Кітапхана онкүндігінің 5-күні «Балалар жазушыларымен танысу» тақырыбына арналды.
Мақсаты: Білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және балалар жазушыларының шығармашылығымен тереңірек таныстыру
«Балалар әдебиетінің бағбандары» атты кітап көрмесі
Оқу залында 5 «А» сынып білім алушыларына арналған ауқымды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында қазақ балалар әдебиетінің алтын қорынан бастап, заманауи туындыларға дейін кеңінен таныстырылды.
Көрмеге қойылған негізгі туындылар:
Бердібек Соқпақбаев: «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа»;
Қасым Қайсенов: «Жау тылындағы бала»;
Ыбырай Алтынсарин: Тағылымды әңгімелер мен өлеңдер жинағы;
Сәуле Досжан: «Ауылдан шыққан миллионер», «Бала шақтан – болашаққа»;
Оспанхан Әубәкіров: «Жабақ туралы әңгімелер», «Қағаз қалпақ»;
Әдібай Табылды: Өнегелі әңгімелер;
Еркебай Өтетілеуұлы: «Әдептілік – әдемілік» (жаңа басылым).
Сондай-ақ, білім алушылар назарына 5 томдық «Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері» жинағы ұсынылып, ұлттық әдебиетіміздің құнды мұралары туралы мағлұмат берілді.
Шара барысында білім алушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында әдеби викторина өткізілді. Викторина сұрақтары таныстырылған шығармалардың желісі мен кейіпкерлеріне негізделді.
Сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, өздерінің зеректігін танытқан белсенді білім алушыға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл шара білім алушылардың рухани дүниесін байытып, кітапқа деген сүйіспеншілігін оятуға, сондай-ақ «Адал азамат» қағидасына сай парасатты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталды.
