



Экскурсия барысында білім алушылар ұшақ қозғалтқыштарының түрлерімен, әуе техникасына бекітілетін авиациялық бомбалардың үлгілерімен танысып, оқу орнының тыныс-тіршілігін көрді. Сонымен қатар, әскери мамандықтар бойынша кәсіби бағдар алып, болашақ мамандық таңдауға қатысты маңызды мәліметтерге қанықты.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайтып, ел қорғаны болуға деген қызығушылығын арттырады.
