




Аталған күні 4 «Б» сынып білім алушылары гимназияның STEM кабинетімен танысты. Кітапханашы қазіргі цифрландыру дәуірінде кітаптың флешка, диск түрімен қатар оқу залында PDF, аудио форматтағы электронды нұсқаларын пайдалану мүмкіндіктері жайлы түсіндірді. Сонымен қатар оқулықтар мен әдеби кітаптардағы штрихкод пен QR-кодтың маңызына тоқталды.
Сондай-ақ STEM кабинеті – жаратылыстану, техника, инженерия, информатика және математика пәндері біріктірілген заманауи оқу кабинеті екені айтылды.
Информатика пәні мұғалімі Дәулет Тұрарұлы білім алушыларға робототехника әлемі туралы қызықты мәліметтер беріп, құрастырған роботтарды таныстырды. Роботтарды пультпен басқару жолдарын көрсетіп, олардың қызметі жайлы түсіндірді.
Бұл шара білім алушылар үшін өте қызықты әрі тартымды өтіп, кітап пен цифрлық технологияның өзара байланысын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. 📚🤖✨
#қроқуағартуминистрлігі #БалаларКітапханасы#ақтөбекітапкүні2026
#КітапханаОнкүндігі #БалаларБасылымдары #Балдырған #ОқуғаҚұштарлық
