



Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға мемлекеттік қызметтің мәнін түсіндіру, оның қоғамдағы рөлі мен маңызын насихаттау, сондай-ақ адалдық, жауапкершілік, кәсібилік және ашықтық құндылықтарын дәріптеу болды.
Кездесу бағдарламасы мұражай залынан басталып, оқушылар қонаққа мектеп тарихы мен жетістіктерін таныстырды. Ресми бөлімде Жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы, өңірлік кадр резервінің мүшесі Санжар Абайұлы қонақ ретінде қатысып, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара барысында оқушылар қонаққа сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша толық ақпарат алды. Сонымен қатар қонақтың сынып жетекшісімен кездесу арқылы тұлғаның қалыптасуындағы ұстаз еңбегінің маңызы көрсетілді.
Кездесу соңында оқушылар «Атамекен» әнін орындап, іс-шара жоғары деңгейде қорытындыланды. Бұл кездесу білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт берді.
