Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласы, Астана ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Әбілов Андос Аронұлымен кездесу өтті. Жасөспірімдер әкімшілік, қылмыстық құқықбұзушылық туралы, Ішкі істер органдарында қызмет ету ерекшелігі туралы ақпарат алды.