



Негізгі мақсаты – білім алушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейту, пәндерге деген қызығушылығын арттыру және білімдерін тәжірибе арқылы дамыту.
Онкүндік барысында 5–10 сынып білім алушылары белсенді қатысып, түрлі ашық сабақтар, тәжірибелік жұмыстар, танымдық ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. Білім алушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, логикалық ойлау, зерттеу және талдау дағдыларын дамытты.
География пәні бойынша табиғат құбылыстары мен жер бедеріне қатысты қызықты тапсырмалар орындалса, биология сабағында тірі ағзалар әлемі зерттелді. Химия пәнінде тәжірибелер жасалып, түрлі реакциялар көрсетілді. Ал жаратылыстану пәні аясында табиғат заңдылықтары мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды.
Онкүндікке 5, 6, 7, 8, 9, 10 сынып білім алушылары қатысып, өз белсенділіктерін танытты. Іс-шара соңында белсенді оқушылар марапатталып, қорытындыланды.
