Сұхбат барысында қонағымыз өзінің қызмет жолы, мамандық таңдаудағы себептері, мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігі туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, адалдық, кәсібилік, ашықтық секілді маңызды құндылықтар жайында айтып өтті және «Халыққа қызмет ету» ұғымының мәні кеңінен талқыланып, оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында пайдалы кеңестер ұсынылды. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпаққа үлкен мотивация берері сөзсіз!